Мәдениет
21 желтоқсан 15:51
​Қайрат Түнтековтің анасы ұлының қарызынан қалай құтылғанын айтты
Ешқандай құжатсыз көлікке отырып, жол-көлік оқиғасына себепкер болған әнші Қайрат Түнтековтің анасы Ғалия Әнуарқызы ұлының қарызынан қалай құтылғанын айтты. Бұл туралы әншінің анасы «Айта берсін» бағдарламасына сұхбат берді. Сот сол кезде әншіден ауыр жарақат алған жәбірленушіге 40 мың доллар айыппұл төлеуді талап кеткен болатын.


 
«Мұны бірден шешуге болар ма еді. Бастапқыда біз ештеңе білмедік. Өйткені Қайрат өзінің салмағын, жауапкершілігін біреуге артқысы келмейді. Бізден бұл оқиғаны жасырған. Бәрін өзі шешемін деп ойлаған. Біз теледидардан білдік. Бастапқыда қара пиар болар деп ойладық. Біз уайымдамас үшін ол барлық нәрсесін жасырады. Бәрін өзі реттегісі келеді. Әдеті сондай. Сот шетелге шығуына тыйым салды. Ол шетелге шықпаса қарызын қалай қайтарады? Оны Америкаға, басқа елдерге шақырды. Жақында ғана қарызды жауып, тыйым алынды. Бастапқыда ірі сомада, кейінірек азайтып төледі. Адамдар әлі күнге дейін бұл оқиғаның қолдан жасалғанын айтады. Мүмкін ол жақсы әнші болғандықтан шығар. Түрлі тілде кез келген әнші ән шырқамайды ғой. Бір-екі күнде кез келген тілдегі әнді жаттап, айтып шығу кез келгеннің қолынан келмейді ғой»-дейді Ғалия Әнуарқызы.
 
Ал әншінің өзі болса еңсесін тіктеп, тірлігін жалғастыруда. «Бір жүк түскендей болды. Алланың бұйыртуымен осындай дәрежеге де жетіп жатырмын. Адамда, әр ер азаматта қайсарлық болуы керек»-дейді Қайрат.
 
Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика