23 Август
10:18
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
18 шілде 10:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігін прокурорлар мініп жүр

Сотталып мүліктері тәркіленген Қайрат Жамалиевқа тиесілі Lexus LX 570 және Mercedes Benz 500S көліктері енді ҚР бас прокуратурасындағы шенділердің тақымында жүр. Бұл туралы stan.kz сайтына сілтеме жасаған Juldizdar.kz хабарлайды.
Қайрат Жамалиев мінген көліктер ҚР бас прокуратурасына берілген. Бұл ақпаратты Астанадағы мемлекеттік мүлік департаменті де растап отыр.
"Арнайы негізде мемлекет меншігіндегі затты есепке алу, сақтау, бағалау және алдағы уақытта мүлікті пайдалану” деген 33 тармағына сәйкес, 2002 жылы 26 шілдеде ҚР үкіметі бекіткен №833 жарғыға сай, комиссия шешімімен Lexus LX 570 және Mercedes Benz 500S көліктері ҚР бас прокуратурасына берілді”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, бизнесменнен басқа да тәркіленген мүліктер ақша күйінде ҚР ұлттық банкіне тапсырылады. Бұған дейін оның Lamborghini Gallardo көлігі мен Vertu ұялы телефоны аукцион арқылы сатылған болатын.

Дереккөз: Juldizdar.kz
нравится:    661
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии