14 Декабрь
06:32
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Авто
27 сәуір 12:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini көлігі 30 миллион теңгеге сатылды
Қайрат Жамалиевтің Lamborghini Gallardo автомобилі сатылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.



"Голландиялық аукцион" типіндегі  сауда бүгін, 27 сәуірде болды. Gosreestr.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, көліктің бастапқы құны 237 905 000 теңге болған. Автомобиль 30 451 840 теңгеге сатылды. Көлік 47 581 000 теңгеге бағаланды.

Автомобильді сатушы ретінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген. Хабарландыруда көліктің кілті жоқ екені айтылады.

Сонымен қатар, департамент өкілдері сатып алушы келісімшартқа қол қойғанға дейін келісімнен бас тарта алатынын айтты.

Еске салайық, автомобиль елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиевтен тәркіленген болатын. Сатылымнан түскен қаражат мемлекетке беріледі.


 
нравится:    821
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии