13 Декабрь
21:10
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
15 қазан 09:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайта тірілген үнділік қайтыс болды
Үндістанда жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Дәрігерлердің салғырттығынан ер адам өлдіге саналып мәйітханаға жіберілген болатын. Мәйітханада жан кірген Пракаш  есімді азамат кейін  емханаға жатқызылған. Алайда ол емханада мәңгілікке көз жұмды. Пракаштың нақты неден қайтыс болғандығы анықталмаған.



Алдын ала таратылған мәліметтерге қарағанда, Пракаштың өліміне дәрігерлердің салғырттығы  себеп болған. Ес-түссіз емханаға жеткізілген ауыруды дәрігер өлдіге санап, мәйітханаға жіберген. Қайтыс болғаны туралы куәлікке емхананың бас дәрігері Рохан Рохекардің өзі қол қойған деп хабарлайды Metro.

Мәйітханада өлі денені ашардан бірнеше минут бұрын Пракаш өздігімен тыныстай бастаған. Бұл оқиғадан кейін дәрігер қайтыс болу туралы куәлікті жағып жіберген дейді. Жергілікті полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
 
нравится:    953
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии