17 Октябрь
13:41
Астана: 13 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 14:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайтыс болған атасына хат жолдаған бүлдіршін желіні жаулап алды

Германияның Рейнланд-Пфальц аймағында таңғажайып оқиға орын алды. Бес жасар Фил атасы қайтыс болған соң қатты қайғырған екен. Осыған орай, ата-анасы оған атасына хат жазуды ұсынған. Артынша хатты шарға байлап, көкке ұшырған.Бұл  туралы  Life басылымына сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.

Бүлдіршіннің әкесі ұлына кез келген уақытта дәл осылай хат жазуына болатындығын айтқан. Бір қызығы, Фил күндердің бір күнінде хатына жауап алады. Бұған баланың әке-шешесі де қайран қалады. Пакеттің ішінде хат пен жұмсақ ойыншық болады.
"Қымбатты, Фил! Сен жолдаған хаттың биікке көтерілгені соншалық, ол маған дейін жетті. Сенде барлығының жақсы екеніне қуаныштымын. Көңілің түскен кезде қасыңда болсын деген ниетпен мына ойыншықты жіберіп отырмын. Махаббатпен сенің атаң”, – деп жазылған хатта.

Хатты оқыған Фил жылап алады. Ал ата-анасы оқиғаның дәл осылай өрбігеніне қайран қалады. Себебі, бұл хат пен сыйлыққа олардың еш қатысы жоқ екен. Олар мұндай қамқорлық танытқан бейтаныс адамға алғыс айтқылары келген. Алайда жолдаушы өзінің мекен-жайын жазбаған. Осыған орай, Филдың анасы Facebook парақшасында бұл оқиға туралы баяндап, "Кім болсаңыз да сізге көп рахмет” деп жазады.
нравится:    802
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии