Әлем жаңалықтары
4 наурыз 09:43
Қайын енесін тілдегені үшін айыппұл төлейді


Жақында сот өзінің қайын енесін тілдеп хабарлама жібергені үшін Белгород облысының тұрғынын кінәлі деп тауып, қомақты көлемде айыппұл төлеуге шешім шығарды. Бұл туралы Лента.ру сайты хабарлайды.
 
Судьяның пікірінше, белгоградтық азаматтың іс-әрекеті елдің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 5.61-бабының 1-бөлімін бұзып отыр, яғни ол өзге адамның ар-намысына тиіп,  тіл тигізгені үшін жазаланған. Сондақтан да оған 2,5 мың рубль көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілген.

Қайын енесіне қандай мақсатта тілдеу хабарламасын жібергендігі туралы нақты айтымай отыр.

Комментарии




Яндекс.Метрика