23 Август
18:00
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Туризм
5 наурыз 10:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайыңды — табиғи апаттан пайда болған көл

Алматы қаласынан 275 шақырымдай оңтүстік – шығысқа қарай  теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте Күнгей Алатау шатқалында Қайыңды атты көл бар. Көлдің қайыңды аталуының өзі жердің көрініс-келбетіне қарай айтылса керек. Өйткені, бұл жерде қайыңды орман мен көл бір-бірімен астасып, шектесіп, ерекше бір табиғи құбылыс жасап жатыр.

Қайыңды көл 1910 жылғы болған алапат жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болды. Жер тербелуі нәтижесінен болған тау бөктеріндегі үлкен шұңқырға су жиналып тоғанға айналған. 1980 жылы табиғат құбылыстарының нәтижесінде  Қайыңды көлінің ауданы біршама кішірейді.

Көлдің қазіргі таңда ұзындығы 400 метрді құраса, су айдынының тереңдігі 21 метр. Ал табиғи тоғандағы судың жоғарғы  температурасы +6 градусқа дейін көтеріледі.  Жалпы, жаз айларында мұндағы  ауа райының орташа температурасы +23 градусты көрсетіп тұрады.

Су айдыны тек қайың ормандар қоршағандықтан айнала Қайыңды (қайыңы мол жер) деп аталған.

Көлдің жан-жағы түгелдей тау қоршап тұр. Осы бір биік тау жоталарынан Саты шатқалы мен Шілік өзенінің керемет көрінісін тамашалауға болады.

Осы маңнан өтіп бара жатқан жолаушының көз алдында әдемі көрініс тұрады. Суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының су түбінен тікірейе көтерілген діңдері тура бір су асты кемесінің тікірейіп алдымен көрінетін радио антенасындай болып көзге шалынады. Дәл осы көрініс ғасырдан да ұзақ уақыт сақталып келеді.

Қайыңдыда балық атаулы мүлдем жоқ. Сондықтан болар бұл көлді «өлі» деп те атайды. 1930 жылы көлге жыныс орманды суда жүзетін балық түрін әкеліп жіберген болатын. Белгісіз себептермен балық тұқымы сол кездің өзінде өміршеңдік таныта алмады. Дегенмен, көлден төмен, өзенде форель жүзіп жүреді. Балықшылар көлдің жағасында отырып, қармақтарымен аулап алған балықтарынан дәмді сорпа жасап ішіп, рахатқа бөленеді.

Көлдің орманды жағын қасқыр, аю, бұғы мен барыстар және көптеген тұяқты жануарлар мекен етеді.

Бүгінгі таңда суға сүңгігіштер арасында танымал болған көл маңында демалысқа арналған түрлі шатырлармен үйшіктер тұрғызылған.

Сондай ақ, Қайыңды көлі шетелдік туристердің тамашалайтын көрікті орнынына айналған ғажап мекен.


munara.kz
нравится:    1342
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии