|    |  
19 қараша 2018
10:06
қаз
​Қазақ актрисасы Канн кинофестивалінде қызыл кілемнен жүріп өтті
10 мамыр, 12:31 528
«Жаужүрек мың бала» киносындағы Қорлан рөлімен танылған актриса, «Брат или брак» фильмінің продюсері Құралай Анарбекова Канн кинофестиваліне қатысып, әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті. Актриса әр сәтіндегі суретін желіге жүктеп, қуанышымен бөлісуде.


 
«Бала күнімде әдемі көйлек киген актрисалардың суретін тамашалап, журнал қарап отырушы едім. Ол кезде Канн кинофестивалінде қызыл кілемнің үстімен жүріп өтемін дегенді тіпті армандамаппын. Ал қазір қонақ үй терезесінен фестивальге дайындықтың қалай жүріп жатқанын тамашалап тұрмын. Француздың Méridien de Paris компаниясының шақыруы – мен үшін күтпеген жағдай болды. Қазақстанның атынан фестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілемнің үстімен жүріп өту мәртебесі бұйырды. Әрі біздің елімізден алғаш болып, голливуд және Еуропа жұлдыздарымен бірге шықтым. Сондықтан қобалжып тұрмын, мұның қандай үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Шын мәнінде мені бірнеше маңызды кездесу мен келіссөз күтіп тұр. Қазақстандық кинонарық пен мамандарға назар аударып жатыр. Ойымдағыны іске асырамын деп үміттенемін» – дейді Құралай.







Канн қаласында өткен дәстүрлі кинофестивальге Димаш Құдайберген де қатысқан.
 

Дереккөз: Reactor
Жаңалықтар