20 Октябрь
09:24
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
2 қараша 10:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақ эстрадасындағы күзгі әуендер



Міне, шыр айналған уақыт диірменімен ілесіп күздің соңғы айы да келіп жетті. Әрбір жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктеріне сай құбыла түсетін Табиғат-Ана алтын түске боялды.

Сары жапырақтар мен қоңыр салқын ауа-райы көңіл-күйді жабырқататынына қарамастан, молшылықтың, байлық пен берекенің символы болып табылатын «Алтын күз» мезгілі де кейбір тума талант иелеріне шабыт беруінің арқасында керемет өнер туындылары дүниеге келіп жататыны шындық.

Ақын-жазушыларды толғандырған әдебиеттің поэзия және проза жанрларын, музыканың классикалық жанрын былай қойғанда, күз мезгілінің сұлулығы талай композиторларды толғандырып, әуезді әндердің тууына себепші болып жатады.
Қарап отырсақ, қазақ эстрадасында да күз туралы әндер баршылық екен. Шыны керек, олардың көбісі мұңға толы екендігін мойындамасқа амалымыз жоқ.

Сонда да болса, бүгін біз солардың біразына тоқталып, күзгі жапырақпен бірге тоңып, жабырқаған көңіл-күйлеріңізді көтеруге тырысамыз.

Күз мезгілі түскен сәтте-ақ ең алдымен Мәдина Ералиеваның орындауындағы «Күрең күз» әні еске түседі. Алайда, қазақтың ерке әншісі бұл әнді ғұмырының соңғы жылдарында шырқағандықтан, тек күзбен ғана емес, Сіз бен бізбен де қоштасқандай әсер қалдырғаны өкінішті.

Дегенмен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған күйші, әнші-сазгер, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенованың «Күрең күз» әнін Мәдинаның орындауында тыңдағанда ерекше бір сезімде боласың.

 

«Ән әлемінің Ақбаяны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның орындауындағы бұл әнді араға жылдар салып, сахнаға «Жігіттер» квартеті алып шықты. Халық құлағына таныс әуенді жақсы қабылдап, ерке әншіні сағынышпен еске алып жүр.





Кез келген буын өкілдері сүйіп тыңдайтын МузАрт тобын таныстырып жатудың өзі артық. Ендеше, МузАрттың орындауында 2009 жылы жарыққа шықса да, әлі күнге дейін хит болып келе жатқан «Күзгі бақ» әнін естімеген жан кемде-кем шығар. Махаббаттың нәзік пернесінен сыр шертетін әнге түсірілген бейнебаянды тағы да бірге тамашалауға шақырамыз.



МузАрт – «Күзгі бақ» (әні: А.Бексұлтан, сөзі: Қ.Сарин)


МузАрт тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев жақында ғана Мәдина Садуақасовамен бірге дуэт құрып, «Жаңбырлы күз»-ге ән арнады. Талғампаз әншілердің өнерін тамашалап, әннің тиісті әділ бағасын беріңіздер, ағайын.


Мейрамбек Бесбаев & Мәдина Садуақасова - Жаңбырлы күз



Эстрада саласында 1999 жылдан бастап өнер көрсетіп келе жатқан Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, «Шарайнаға шыр айналып қарайтын» «Әдемі қыз», театр және кино актрисасы Айгүл Иманбаева да бір мезгіл уақыт тауып, «Күзбен сырласу»-ды жөн көріпті. Ендеше, біз де аз ғана уақыт бөліп, дарынды әншінің мағыналы сюжетке түсірілген бейнебаянын қарап шығайық, «Ұят болмасын»!!!


Айгүл Иманбаева - Күзбен сырласу



Өзіне ғана тән дауыс ырғағымен көпшілікке танымал болған Ғаділбек Жанай «Күзгі жаңбыр» әнімен тыңдармандардың жүрегіне жол тапқан болатын. Ән кезінде хитқа айналып, талай жандардың телефонында рингтонға жазылды. Айта кететін жайт, халық арасында әннің алғашқы ресми атауы ұмытылып, «Жылама, жаным» деген бейресми атауымен кеңінен танымал болып кетті.


Ғаділбек Жанай - «Күзгі жаңбыр»



Композитор Бауыржан Есебаевтың «Күзгі қайың» әнін халықтың көзайымына айналған жас әншілер – Ернар Айдар мен Қайрат Нұртас жарыса орындап жүр. Олардың соңғысы бұл әнді кейде жеке, кейде, тіпті, дуэтпен орындап жүргенінің куәсі болып жүрміз. Біз осы екі әншіні бөліп-жармай, Сіздердің назарларыңызға екеуінің де орындауындағы видежазбаларды қатар ұсынуды жөн көріп отырмыз.


Ернар Айдар - Күзгі қайың




Қайрат Нұртас & Қарлығаш Мырзагелдиева - Күзгі қайың



Кезінде Қайрат Нұртаспен дуэт құрып, кейін бөлек шығып, жеке шығармашылығын тың әндермен байытып қана қоймай, «Алып қашу операциясы» атты фильм түсіріп үлгерген Сырым Исабаев та күз мезгіліне арнап «Күзгі дауыл» әнін шырқап жүр.


Сырым Исабаев - Күзгі дауыл



Өнер жолын «Сағнұр» тобының құрамында бастап, бүгінгі күні өзінің жеке шығармашылығымен айналысып жүрген Әлия Әбілқайырдың орындауындағы әсем ән - «Жаңбырлы күз»


Әлия Әбілқайыр - «Жаңбырлы күз»



2005 жылы құрылып, тек «жанды дауыста» өнер көрсететін KazROCK вокалды-аспаптар ансамблі әртүрлі бағыттағы жанрларда жазылған әлемнің 9 тіліндегі көптеген белгілі хит әндерді қайта жарыққа шығарып қана қоймай, жеке авторлық әндерімен де көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Сондай әндердің бірі «Күз» деп аталады.


KazROCK - «Күз»



Енді орыс тіліндегі әндерге кезек берсек.

Кейде шынайы талант иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп жатудың өзі артық. Сондықтан да, Қазақстан мен Ресей шоу-бизнесін мойындатқан Батырхан Шүкеновтың мына төмендегі бейнебаяндарына түсініктеме беріп жатуды жөн көрмедік.
Тек таза жүрекпен орындалған шығармаларды таза жүрекпен тыңдау керек екенін ескеруді ұмытпаңыздар дегіміз келеді.


Батырхан Шүкенов – «Дождь»



Мюзикола & Батыр – «Певица и саксофон»


Үлкен сахнадағы өнер жолын 2004 жылы «SuperStar KZ» (британдық «Pop Idol» жобасының қазақстандық баламасы) жобасы арқылы бастаған Мақпал Исабекованың танымал әнші Иван Бреусовпен бірлескен дуэтінен туындаған «Ноябрь» әні бірден хиттар қатарын толықтырып, әлі күнге дейін тыңдармандарын қуантып келеді.


Мақпал Исабекова және Иван Бреусов – Ноябрь
Режиссер - Р. Сулейменов
Әні - А. Жамбакиев
Сөзі - А. Маклай

 
Жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі ретінде айта кететін жайт, Мақпал осы әнді жеке өзі орындап, биыл оған жаңа бейнебаян түсіріп үлгерді. «30 жаста тұрмысқа шығу» («Замуж в 30») атты комедиялық жанрдағы фильмге саундтрек болған бұл әнмен көпшілік қайта қауышып, ғаламтор желісінде жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 


Мақпал Исабекова – Ноябрь



1994 жылы құрылып, 1995 жылы ресейлік әйгілі «Утренняя звезда» телебағдарламасының жеңімпазы атанған «Дуэт Л'» тобының орындауындағы Еркеш Шәкеевтің «Донна Осень» әні тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде танымал болды десек қателеспеспіз. Себебі, аталған әннің бейнебаяны Лариса Иванова мен Людмила Ким 1998-2000 жылдары ресейлік «Восток» тобының құрамында жүрген кезде түсірілген болатын. Аталған топқа әнші қыздарды қазіргі «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров шақырған болатын.
Сонымен, жиырма жылға жуық уақыт бойы жұлдызды хиттар қатарынан түспей келе жатқан «Донна Осень» әнін қабыл алыңыздар.



Дуэт Л' - «Донна Осень»


Енді қазақ эстрадасына жаңадан ғана келіп қосылып жатқан жас буын өкілдеріне кезек берсек.
 

Данияр Жүнісәлі — Күзгі жапырақ



Дидар Мұңалбаев - Күз-көңіл

 

 
Расул Жармағамбетов - Өткен күз
Сөзі: Карина Сарсенова,
Әні: Болатбек Нұрқасымов
 
 
Әнші, сазгер Әбдіғапар Темірхановтың «Күзгі эллегия» туындысын оның қызы Мәдина Әбдіғапар (Жұмаханова) қобыз аспабының сүйемелдеуімен тамылжыта орындап жүр. Жас дарын иесі аталған музыкалық шығармаға арнайы бейнебаян түсірген екен. Қабыл алыңыздар.

 
Мәдина Әбдіғапар - «Күзгі эллегия» (инструментал) 




Айдар Жанай
нравится:    916
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии