19 Август
07:36
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақ қызының кеудесінде үндістандық баланың жүрегі соғатын болды
""



15 тамыз күні Үндістанда әкесімен бірге жол апатына түсіп қаза тапқан 12 жастағы Адиз деген баланың жүрегі енді 10 жасар қазақ қызының кеудесінде соғатын болды.

Жол апатында қаза болған баланың жүрегі Ченнаи ауруханасында  төрт айдан бері донор күтіп жатқан Дильназ Исанға трансплантацияланды. Бұл туралы «Тhe times of India» сайты Ченнаи қаласынан хабарлаған.

«10 жасар қазақстандық қызға Кералада қаза тапқан баланың жүрегі салынды» деген тақырыптағы ақпарат бере отырып, агенттік баланың жол апатында көз жұмғанын хабарлаған.

«Төрт айдан бері Үндістанда донор күтіп, өмірден күдерін үзбеген 10 жасар қазақстандық қызға сейсенбі күні сау жүрек табылды. Оған Керала штатындағы баланың жүрегі трансплантацияланды. Дәрігерлер 10 жасар қазақ қызына үлкен кардиомиопатия диагнозын қойған. Яғни, жүрек өте әлсіз және қан айналымын көтере алмай кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін еді”, – деп жазды басылым.

Сонымен бірге басылым дәл сол сәтте «Фортик» ауруханасының дәрігерлері әкесімен бірге жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанған 12 жастағы Адиз Полсонның өмірі үшін күрескенін жазды.

Бірақ ажалға ара түсе алмаған. Адиздің анасы баласының сау органдарын алуға рұқсат берген. Аурухана мамандары бірден Керала штаты мен басқа да штаттардың ауруханаларына органдар туралы хабарлама жібереді.

“Үндістан бойынша Адиздің жүрегі дәл келетін науқас болмаған соң, органды Қазақстаннан келген қызға беру туралы шешім қабылданды. Фортис ауруханасының дәрігерлері айтқандай, олар әуежайдан түсе сала «жасыл дәліз» арқылы өтіп, Ченнаи ауруханасындағы қызға операция жасай бастаған», – деп жазады Тhe times of India сайты.

10 жастағы қазақ қызының жағдайы туралы Сыртқы істер министрлігі: «Қазір өз қаражаты есебінен шет елдерде, соның ішінде Үндістанда да емделіп жатқан қазақстандықтар көп. Олардың кейбіреуі елшілікте тіркелмейді де. Сондықтан, осы операция туралы елшіліктен хабар болса, жариялаймыз», – деді баспасөз қызметінің өкілі.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    844
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии