17 Декабрь
10:02
Астана: -25 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
29 сәуір 11:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақ өнерінің өкілдері Батырхан Шүкеновтің отбасына көңіл айтты
Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болған  әнші Батырхан Шүкеновті Қазақстанда жерлейді.
Бүгінде әншінің денесін жедел Алматыға әкелу мәселесі қарастырылуда.

Ал қазақ өнерінің өкілдері Батырхан Шүкеновтің қазасына орай көңіл айтуда.
«Соңғы рет 23 сәуір күні өткен концертте кездестік. Бет әрлеу үшін бірнеше рет гримеркаға.Кезекке тұрды. Кезексіз өтіп кеткен жастарға қабақ шытып ренжіген жоқ. «Мені күттірмей дайындаңдар» деп мінез көрсеткен жоқ. Қарапайым әрі кішіпейіл еді», – деп жазады Кешью тобының Instagram-дағы ресми парақшасы.
Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Бесбаев сынды өнер жұлдыздары айтпай келген қазаға орай әншінің жақындарына көңіл айтқан.
Тележүргізуші Динара Сәтжан қайталанбас дауыс иесінің мезгілсіз қазасына әлі сене алмай отырғандығын жазады.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де әлеуметтік желіде әншінің туыстарына көңіл айтты.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.  Қазақстан мен Ресей эстрадасында танымал «А-Студио» тобының негізін қалаушылардың бірі.
Туыстарының айтуынша, Шүкенов өмірінің соңғы күндерінде денсаулығының нашарлар кеткенін жиі айтқан.

Дереккөз: Nur.kz

 
нравится:    692
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии