17 Август
05:34
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
21 қараша 16:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақ тілді сайттарға ашуланған Меруерт Түсіпбаева кезекті дауға себеп тауып берді


Жақында әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаеваның бірнеше жыл бұрынғы сұхбаты қазақ тілді сайт беттерін шарлап кеткен болатын. Себебі ол сұхбатта әнші бұрын өзінің күйеуіне ақша ұсынып, өзін бір түнге сұраған ер адамдардың болғанын айтқан. Бұл сұхбат көптің сынына ұшырап, әншінің абыройына нұқсан келтірген еді. Қазақ тілді сайттардың осы әрекетіне ашуланған әнші үнсіз қала алмады.

Instagram-дағы парақшасына: «Байғұс қазақ тілді сайттар. Менің бірнеше жыл бұрынғы сұхбатымды тауып алып, «тұздық» қосып, бүгінгі сұхбаттай етіп береді. Менің оғаш айтқан сөздерімнен кейін менен жауап күтеді, рейтингтерін көтеру үшін жасайды. Жоқ, оны күтпей-ақ қойыңыздар. Мен енді ақылдымын, тұзақтарыңа түспеймін. Не жазғыларың келсе соны жазыңдар. Үндемей жеңемін бәрін. Мені жөніме қалдырыңдар»-деп жазды.

Бір қызығы, актриса журналистерге жауап беремін деп, бұл жолы да кезекті дауға себеп тауып берді. Осы жазбасына шетелдік азаматтың құшағында тұрып түскен суретін салған. Бұл суретті де желі қолданушылары кезекті әңгіменің өзегіне айналдырды. Меруерт Түсіпбаева суретіне жағымсыз пікір жазып, өзіне тіл тигізген желі қолданушысының жазасын беретінін жеткізді.

«@m_ducha мен сенің жазғаныңды скриншотқа түсіріп, ҰҚК-ға жібердім. Мен сені тауып аламын және келгеннен кейін тіл тигізгенің үшін жауап бересің. Сенің суретіңді жариялаймын. Сен айыппұл төлейсің. Мен сенің жазаңды беремін. Бұл менің қолымнан келеді»-деп жазған. 
нравится:    1459
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии