Әлем жаңалықтары
13 наурыз 15:12
​Қазақ жігіті жүкті әйелін биіктіктен секіртіп, баласын түсірмек
Instagram желісіндегі «Үшбу хат» парақшасында жаға ұстатар жазба пайда болды. Парақшаға аты-жөні белгісіз келіншек жолдасының іс-әрекетін айтып, кеңес сұраған. Келіншектің айтуынша үшінші баласында ойламаған жүкті болып қалған, енді пәтер жалдап тұратындықтан жолдасы баланы түсіру үшін екі метр биіктіктен секіруге кеңес берген көрінеді.


 
«Жасым 26-да. 2 баламыз бар. Қазір үшінші балама аяғым ауыр. Пәтер жалдап тұратындықтан үшінші баланы дүниеге әкелу әзір ойда жоқ еді. Күйеуіме не істейміз десем, өзің біл дейді. Сосын алдырт немесе баланы түсіру үшін екі метр биіктіктен секір дегенді айтты. Баланы дүниеге әкелейін десем 2 млн кредит кедергі болып тұр. Үш баламен далада қалатын түрім бар. Жолдасымда жоспар, мақсат жоқ. Машинасы бұзылса үсті-үстіне кредит ала береді»-дейді жас келіншек.
 
Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика