22 Август
13:14
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Спорт
9 маусым 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақ жұлдыздары әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді
Қазақ жұлдыздары әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді


Жұма күні Мәскеу қаласында өнер жұлдыздары арасында футболдан әлем чемпионаты басталды. Бұл жарысқа Қазақстанның  әнші-актерлерден құралған «Алатау» командасы қатысып жатыр.

Қазақстан топтық кезеңнің алғашқы турында көрші Қырғыз елінің әртістерімен кездесті. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Енді бүгін 9 маусымда Оңтүстік Корея жұлдыздарымен кездеседі.
Қазақстан құрамасының қақпасын бұрын өзі де кәсіби футболшы болған Абдулкарим Каримов күзетуде. Сондай-ақ кез келген уақытта оны алмастыруға RIN’GO тобының әншісі Батыр Байназаров пен «Тарту» мүшесі Райым Тынықов дайын.
Қорғаныс шебінде Ерлан Әлімов, Мэлс Сағатұлы, Абай Жаңсарбаев, Медет Көжекбаев, Ғаділбек Жанай, Қазбек Қожахметов, Кенжебек Жанәбілов, Арман Қонырбаев Евгений Гартунг өнер көрсетеді.
Жартылай қорғаныста Сұлтан Күнтуған, Ғалымжан Арыстанбекұлы, Аян Бөрібаев, Жұбаныш Жексенұлы, Әділжан Омаров, Дәурен Сейітжан, Тәуекел Мүсілім, Әділбек Сарбаев, Ильяс Харов бар.
Шабуыл шебін команда капитаны Мұқасан Шахзадаев Нұрлан Қонысбаев, Рысбек Аташев, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев Данияр Өтеген Валерий Яблочкин құрайды.
Алғашқы ойынға «Музарт» тобының мүшелері Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев және Нұржан Керменбаев сияқты танымал әншілер қатыса алмады. Енді, олар бүгін, 9 маусымда Оңтүстік Кореямен болатын ойында алаңға шығады деп күтілуде.
Әлем чемпионатына жалпы саны 16 команда қатысып жатыр.
А тобы: Румыния, Нидерланды, Словакия, Ұлыбритания.
B тобы: Қырғызстан, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея
С тобы: Ресей, Италия, Эстония, Словения.
D тобы: Израиль, Белоруссия, Түркия, Жапония.
Айта кетейік, жұлдыздар арасындағы әлем чемпионаты осымен бесінші рет ұйымдастырылып жатыр.

Дереккөзі:nur.kz
 
нравится:    1039
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии