11 Декабрь
17:13
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Туризм
23 желтоқсан 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан 2016 жылы виза берудің жаңа ережесін енгізеді
Қазақстан 2016 жылдан виза берудің жаңа ережелерін енгізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті. 



«Толықтай алғанда, визалық жұмыс біздің айрықша басымдығымыз саналады. Келесі жылдың 1-ші тоқсанында біз қазақстандық виза берудің жаңа ережесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңа ережелердің басты мәні - виза алу тәртібін жеңілдету, біздің елімізге келгісі келетін шетелдік азаматтар үшін оны ыңғайлы жасау, Әрине, одан кейін оны заманауи қалыпқа түсіргіміз келеді», - деді Е.Ыдырысов.
Министрдің атап өтуінше, бұл жұмыстар шекара қызметімен, Ішкі істер министрлігімен және басқа да сәйкесінше мемлекеттік органдармен қарқынды жүргізілу үстінде. Жалпы, еліміздің дипломатиялық қызметі қазақстандықтардың шетелге баруын және шетелдіктердің біздің елімізге келуін барынша жеңілдетуді мақсат етуде.
«Біз төлқұжаттың барлық түрлерімен визасыз сапарлау туралы келісім жасасу саясатын жүргізудеміз. Қазіргі уақытта бізде мұндай 19 келісім бар. Яғни, қазақстандықтар жалпыазаматтық төлқұжатпен визасыз 19 елге бара алады. Біз қол қойған соңғы келісім Куба мемлекетімен арада орын алды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы біз мұндай келісімді Бразилия, Мексика және Латын Америкасының басқа да бірқатар мемлекетімен жасасқан болатынбыз», - деді министр. 



Дереккөзі: http://inform.kz/rus/article/2852878
нравится:    754
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии