23 Октябрь
15:49
Астана: 10 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 15:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстан 5 жылда 385 азаматты шет елге емделу үшін жіберген

 
2011 жылдан бері Қазақстанның 385 азаматы мемлекет қаражатының есебінен шет елге емделу үшін жіберілген.
 
Қазақстандықтардың шет елде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ҚР азаматтарын шет елге ем алуға жіберу мәселелері бойынша жұмыс органы құрылып, азаматтарды мемлекет қаражатының есебінен шет елге ем алуға жіберу ережелері бекітілген болатын.
 
Шет елге 2011 жылы 78 адам (17 ересек, 61 бала), 2012 жылы 64 (17 ересек, 47 бала), 2013 жылы 64 (18 ересек, 46 бала), 2014 жылы 70 (45 ересек, 25 бала), 2015 жылы 57 адам (30 ересек, 27 бала) жіберілген.
 
2016 жылы аймақтардағы Денсаулық сақтау басқармаларынан емделушілерді шет елге ем алуға жіберу туралы 176 өтінім түскен. ҚР азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның 11 отырысы өткізілген. Комиссия 52 пациентті шет елге жіберу, 80 адамды Қазақстанның ауруханаларында емдеу туралы шешім қабылдаған.
 
Соңғы жылдары қазақстандықтарға қымбат медициналық технологиялар ел ішінде де қолжетімді болуда. 2010 жылы республикада жаңа 40 технология енгізілсе, 2015 жылы 120 технология енгізілген.
 
Дереккөз: Zakon.kz
нравится:    488
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии