14 Декабрь
02:51
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Туризм
4 ақпан 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан арқылы өтетін халықаралық пойыздарға жеңілдіктер енгізілді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға жеңілдіктер жарияланғанын хабарлады.«2016 жылдың 10 ақпаны мен 22 желтоқсаны аралығында сатып алу мерзіміне (ұзақтығына) байланысты барлық санаттағы вагондарға төмендегідей жеңілдіктер бекітілді: жол жүру құжатын 45 тәуліктен 31 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 58% жеңілдік; жол жүру құжатын 30 тәуліктен 21 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 52% жеңілдік; жол жүру құжатын 20 тәуліктен 5 тәулікке дейін алдын ала сатып алған жағдайда 46% жеңілдік», - делінген компания ақпаратында.



Айта кетерлігі, аталған жеңілдік Қазақстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық пойыздарға ғана жарайды және мемлекетішілік (бір мемлекет аумағындағы) бағдарларда, сондай-ақ бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды.


Дереккөзі: http://inform.kz//rus/article/2867318
нравится:    761
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии