19 Август
15:08
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
14 желтоқсан 11:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан ауыр атлетика бойынша РФ Президенті Кубогында 2-ші орынды еншіледі
Грозныйда 5-ші халықаралық РФ Президентінің Кубогы бәсекесі аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық құрама қанжығасында 5 медаль және командалық есепте 2-орынға жайғасты.




Бірінші орында турнир иесі – Ресей құрамасы, көшбасшылар үштігін АҚШ командасы түйіндеді.ҚР Ауыр атлетика федерациясы 205 келіге дейін санатта біздің екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге тең келетін ешкім болмағанын хабарлады. Ол алтын иеленіп, екі әлемдік рекордты (серпе көтеру және қос сайыс нәтижесінде) жаңартты. 2015 жылғы әлем чемпионы Александр Зайчиков екінші орын алды.
94 келіге дейінгі санатта Қазақстаннан төрт спортшы үздік атағына таласты.
Салмағы 394 (175 +219) келі зілтемірді көтеріп, екі жаттығу жиынтығында күміс медальды Денис Ұланов алды. 397 (178+219) келі нәтижемен ресейлік Адам Малигов бірінші орын алды. Екі дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің тәрбиеленушісі – Рустем Сыбай 378 (166+212) келімен төртінші орынды иеленді. Қазақстаннан екі спортшы – Ермек Өміртай (350) мен Семен Линдер (312) 9-шы тиісінше 12-ші орынға жайғасты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    654
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии