21 Сентябрь
09:17
Астана: 15 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Спорт
29 тамыз 11:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​«Қазақстан барысының» күміс жүлдегері шаңырақ көтерді


Қарағандылық балуан, «Қазақстан барысы-2014» турнирінде екінші орынды еншілеген Асыл Барменов шаңырақ көтерді. Бұл туралы Бейбіт Ыстыбаев өзінің инстаграмдағы парақшасында бөліскен. Жас жұбайлардың суретін салып: «Құсың құтты болсын бауырым»-деп жазған.



Асыл Барменов – Жаңаарқа өңірінің тумасы. 1988 жылы дүниеге келген. 10 жасында  жергілікті Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне барып, бапкер Сұлтан Тынысбаевтың қол астында спорттағы алғашқы жолын бастаған. Бастапқыда самбо, дзюдо сайыстарында сынға түскен. 2006 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанса, екі жылдан кейін жастар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысқан. Бес жылдан кейін қазақ күресінен Азия чемпиондығын жеңіп алады. 2012 жылы Қарағандыда қазақ күресінен Әлем кубогын еншілеп, халықаралық санаттағы спорт шебері атанады.
 

 
нравится:    1867
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии