17 Декабрь
23:49
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
1 ақпан 14:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан экономикалық еркіндік индексінде Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша 12-орынды иеленді


Америкалық Heritage Foundation зерттеу орталығы өзінің сайтында Wall Street Journal-мен бірлесіп жүргізген (2016 Index of Economic Freedom) зерттеу нәтижелерін жариялады.Қазақстан бұл рейтингте 68-ші орында, ал Азия және Тынық мұхит аймағы елдері бөлігінде біздің ел 12-ші орында.
Рейтинг мақсаты - барлық мүдделі тұлғаларға экономикалық еркіндік жағдайындағы жетістіктерді және жиырма жылдағы әлем елдерінің игіліктерін бақылауға мүмкіндік беру. Экономикалық еркіндік индексі 1995 жылдан бастап жыл сайын жүргізіледі.
Экономикалық еркіндік индексі әр елдегі еркіндіктің 10 индикаторын есепке алып жүргізіледі. Бұл - бизнес еркіндігі, сауда еркіндігі, салық еркіндігі, мемлекеттің қатысуы (үкіметтік шығыстар), ақша еркіндігі, инвестиция еркіндігі, қаржы еркіндігі, меншік құқықтарын қорғау, сыбайлас  жемқорлықтан азат болу, еңбек қатынастары еркіндігі.
Индекс олардың экономикалық еркіндігі деңгейіне сәйкес дәстүрлі топ-топқа бөлінген 186 елді қамтиды:
еркін - 100 - 80 балл көрсеткішпен;
барынша еркіндік - 79,9 - 70 көрсеткішпен;
орташа еркіндік - 69,9 - 60 көрсеткішпен;
барынша  еркін емес - 59,9 -50 көрсеткішпен;
еркін емес - 49,9 - 0 көрсеткішпен.Бірінші орында - 88,6 балмен Гонконг. Биыл бұл елдің экономикалық еркіндігінің жалпы көрсеткіші 1.0 тармаққа төмендеді, алайда ол бірінші сатыда қалуына кедергі болмады. Одан кейінгі орында Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария, Австралия. Бұл бес ел «Еркін экономика» тобына енді.
Келесі «барынша еркін» тобын Канада (6-орын), Чили (7), Ирландия (8), Эстония (9), Ұлыбритания (10 орын) қамтиды. Бұл топта АҚШ 11-орында.   Жапония 22-ші орында. Тұтастай, 33 ел «Барынша еркін экономика» тізіміне кірді.   
Үшінші топ - «Орташа еркін экономикамен» елдер, мұнда Қазақстан көрсеткішін 0.3-тармаққа арттырып, 68-ші орында. Біздің ел бұл рейтингте Кувейт (74-орын), Франция (75 орын), Сауд Арабиясы (78 орын) және Түркияны (79 орын) басып озды. Тұтастай алғанда, топта 50 ел бар.   
Қырғызстан (96-орын), Моңғолия (100-орын), Үндістан (123-орын), Тәжікстан  (149-орын), Қытай (144-орын), Ресей (153-орын), сондай-ақ тағы 56 ел «барынша еркін емес» экономика тобына кірді.  
Беларусь экономикасы еркін емес елдер арасында (157 орын) болып шықты, Украина бұл тізімде 162-ші  орында. Өзбекстан 166-ші орын, Аргентина 167-ші орында. Түркіменстан 174-ші орында, Солтүстік Корея - 178-ші орында. Сегіз елге сарапшылар сандық көрсеткіш бермегенін атап өткен жөн. Бұл - Ауғанстан, Сомали, Ирак, Судан, Ливия, Сирия, Лихтенштейн мен Йемен.
  Төменде Қазақстан бойынша жалпы шолу келтірілген:
1.      Экономикалық еркіндіктің жалпы бағасы - 63,6 балл  (+0,3)
2.      Экономикалық еркіндіктің мәртебесі: орташа еркін
3.     Жаһандық рейтингтегі орны: 68
4.     Өңірлік рейтингтегі орны: 12 (Азия-Тынық мұхит аймағы)
5.    Жетістіктер: сауда еркіндігі және мемлекеттік қаржыны басқару
6.    Проблемалар: мүліктік құқық және сыбайлас жемқорлық   
7.    2012 жылдан бастап рейтингтегі өзгеріс: өзгерістер жоқ.
 
 
Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    748
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии