|    |  
12 желтоқсан 2019
05:56
қаз
Қазақстан ғалымдары қартаюға қарсы жаңаша әдіс ойлап тапты
14 қазан 2017, 17:06 46


Отандық косметология мен медицина саласы тың технологиялармен толықты.

Ұлттық биотехнология орталығының мамандары қартаюға қарсы дің жасушаларын қолданудың жаңаша әдісін ойлап тапқан. Бұған қоса ауруды алдын ала байқайтын да тәсіл бар. Жаңа ғылыми жобалар бизнес өкілдеріне таныстырылып, қолданысқа енгізу жолдары талқыланды.

«Қазақстандық технология жерлестеріміздің әлдеқайда арзан әрі сапалы қызмет алуына септігін тигізеді», – дейді мамандар.

Ерлан Раманқұлов, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:
– Осындай күрделі технологиялар тек шетелде бар дегенге үйреніп қалғанбыз. Салдарынан жерлестеріміз шекара асып, қыруар қаржысын шашып келеді. Енді бүгін ол жұмыстар отандық ғалымдардың да қолынан келетініне көз жетті. Болашақта осы жобаларды коммерцияландыру арқылы ғылым мен бизнестің арасын жақындатқымыз келеді.

Дереккөзі: www.24.kz
 


Жаңалықтар