17 Август
21:41
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
4 қараша 18:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан ғалымдары қайта инсульт алудан сақтану жолдарын ойлап тапты



Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ізденуші-ғалымдары мидағы қан алмасуы бұзылған және инсульт алған 182 адамға бақылау жасап, мидағы қан айналымының бұзылуын емдеудің жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Медицина мамандары облыстық клиникалық аурухананың инсульт бөлімінде жатқан науқастарға ем-шаралар жүргізіп, миына қан құйылған адамдарды емдеудің тиімді жолын әзірледі. Ғылыми жобаға медицина ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Әлдешев жетекшілік етті. 

Ем-шара жұмыстарын жүргізген мамандар миына қан құйылып төсекке таңылған адамдардың тез арада оңалып, күнделікті өмірге қайта оралуы үшін бар күш-жігірін жұмсаған. Өз кезегінде дәрігер-ғалымдар адамдардың екінші рет инсульт алмауы үшін арнайы профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Сонымен қатар науқастардың психологиялық жағдайын жан-жақты зерттеп, олардың өмірге деген құштарлығын арттыруға күш салғанын айта кетуіміз керек. 

Нәтижесінде бір рет миына қан құйылып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген жандардың екінші рет инсульт алуы айтарлықтай төмендеген. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік фармацевтикалық академиясының мамандары әзірлеген профилактикалық іс-шаралар жоспары облыстық клиникалық ауруханада кеңінен қолданылып, өз нәтижесін бере бастаған. 


Дереккөзі: http://www.nauka.kz

 
нравится:    1434
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии