Экономика
8 маусым 14:22
Қазақстан Иран мұнайын Ресей арқылы сатып алатын болды




Бұл туралы Иран мұнай министрі Бижан  Намдар  Занганеге (Bijan Namdar Zanganeh) сілтеме жасай отырып Bloomberg агенттігі хабарлады.

«Қазақстан мен Беларусь Ресейге жеткізілген мұнайды сатып ала алады, себебі олар Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылады», — деп мәлімдеді Зангане.
Бұдан бұрын агенттік хабарлағандай,  келесі аптада Ресей «тауарлар орнына мұнай» мәмілесі аясында Ираннан алғашқы мұнайды импортайды. Зангене мұнай жеткізу күніне 500 мың баррельге қарағанда, едәуір төмен болатынын мәлімдеді.

Ресей компанияларының ирандық мұнайды сатып алуы туралы Ресей мен Иран арасындағы келіссөздер 2014 жылы басталған.

Ираннан мұнайды Каспий порты арқылы жеткізу болжануда.

Иран мұнайының экспорты Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты халықаралық санкцияларға байланысты 50 пайызға түсіп кетті. Ресей мен АҚШ-ты қосқанда, әлемдік державалар маусым соңында келіссөздерді сәтті аяқтауды жоспарлауда.

Комментарии




Яндекс.Метрика