23 Август
19:34
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
16 ақпан 16:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан ҚХР-да шетелдік студенттер саны бойынша 9-шы орында



Қазақстан ҚХР-да  білім алатын шетелдік студенттер саны бойынша 9-шы орында. Бұл ретте   Франция, Вьетнам, Германия, Моңғолия, Малайзия  және  Ұлыбританияны басып озады. Бұл туралы ҚХР Білім беру министрлігіне сілтеме жасап күнделікті ағылшын тілді    «China Daily»  басылымында хабарланды. «Қытайда білім алу «Жібек жолы экономикалық белдеуі» маңында орналасқан Орталық Азия елдері үшін сәнге айналуда. Оған Қазақстан мысал. Қытайда қазақстандық студенттер саны өткен онжылдық ішінде 14 есеге артты. ҚХР БМ статистикалық деректеріне сәйкес 2005 жылы Қытайда 781 қазақстандық білім алса, 2014 жылы - 11764-ке жеткен», - деп жазады басылым.
2014 жылғы жағдай бойынша газет келтірген  инфографикада  ҚХР-да   377054 шетел студенті білім алады, саны бойынша бірінші Корей Республикасы  (62923 адам), сосын АҚШ  (24203), Таиланд (21296), Ресей (17202), Жапония (15057), Индонезия (13689), Үндістан (13578), Пәкістан (13360), Қазақстан (11764), Франция (10729), Вьетнам (10658), Германия (8193), Моңғолия (7920), Малайзия (6645), Ұлыбритания (5920).
Мақалада ҚХР-да әлемнің 203 елінен студенттер білім алатыны атап өтіледі. Қытай шетел студенттерінің саны бойынша АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін үшінші орында. ҚР Мемкеңесі мұны 2020 жылға дейін 5000 мыңға ұлғайтуды көздеуде.
Көпшілігі техникалық емес, гуманитарлық мамандықты таңдаған,  44 пайызы жоғары білім, 56 пайызы қысқамерзімді курстар мен оқу бағдарламаларынан өтуде.
Қытайдың тартымдылығы оқыту бағасының  төмендігіне қатысты. Жылына 14 мыңнан 26 мың юаньға дейін (2100-3600 ш.б.), мысалы бұл сан Ұлыбританияда 14,2 ш.б. дейін асып түседі.
нравится:    514
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии