17 Декабрь
14:16
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
10 наурыз 12:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан құрамасының олимпиядалық формасы бекітілді

Қазақстан ұлттық құрамасының Рио-де-Жанейро олимпиадасына киіп баратын киім үлгісі нақты бекітілді. Парадтық және спорттық киім үлгілеріне дизайны және түсі бойынша өзгерістер енгізілген.

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Әйелдердің парадтық формасы бекітілді. Әйелдер пиджагы басқа түсте болады. Ол бұрын ерлердікі секілді көк түсті еді. Ал енді керісінше. Бұл соңғы нұсқа”, – деп хабарлады комиссия мүшесі Ольга Шишигина.

Шишигинаның сөзінше, қазақстандық спортшылар киіп шығатын бірегей форма да бекітілген.

“Бүгін сондай-ақ, спорттық форма да нақты бекітілді. Кішкене ғана түстерін өзгерттік. Енді спортшыларымыз ақ-көк түсті форманы киіп шығатын болады”, – дейді Шишигина. Оның айтуынша, комиссия мүшелері өзгертілген нұсқаға барлығы бірдей дауыс берген.


Еске сала кетсек, ұлттық құраманың спорттық киімін таңдауға арнайы комиссия бекітіліп, оның құрамына Серік Сәпиев, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина және басқа да танымал спортшылар кірген болатын. 18 ақпанда Астанада парадтық және спорттық формалар таныстырылған. Кейінірек, формаға бірқатар өзгерістердің енгізілетіні хабарланған. Бірнеше күн бұрын қазақстандық танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова да олимпиялық формаға өз нұсқасын ұсынған еді.

Рио-де-Жанейродағы жазғы олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Stan.kz
нравится:    736
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии