21 Сентябрь
03:57
Астана: 16 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
1 тамыз 16:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салынды


 
Қазақстандық оқушылар енді мектепке хиджаб, қысқа балақты шалбар киіп бара алмайды. Себебі мектеп формасы зайырлы қоғам нормаларына сай болуы тиіс. Мектеп фрормасына қандай да бір діни сенімін айшықтайтын элементтерді енгізуге тыйым салынады.  Бірақ бұл арадағы мәселе бірыңғай мектеп формасына қатысты емес. ҚР БҒМ тек оқушылардың киіміне қойылатын жалпылама талапты бекітті. 
 «Бұл әрдайым болатын. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Яғни мектеп пен басшылық өздерінің қандай форма киетіндіктерін өздері шешеді. Тек бұл зайырлы қоғам талаптарына сай болуы тиіс және белгілі бір түстер қолданылуы керек. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мектеп формасы зайырлы сипатқа ие болуы керек. Министрлік осыған дейін де, қазір де мектеп формасына белгілі бір талаптар қояды»-дейді министрлік өкілдері.
 Еске салайық, біршама уақыт бұрын елде бірыңғай мектеп формасын енгізу туралы мәселе көтерілген болатын. Бұған қатысты құжатта мектеп формасының классикалық стильде болуы, үш түстен артық үйлестіруге болмайтындығы туралы айтылған еді.
 
Дереккөз: mgorod.kz
нравится:    3308
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии