22 Сентябрь
14:06
Астана: 9 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
15 мамыр 18:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан меланома дертіне шалдығушылардың саны бойынша бірінші орында тұр
Қазақстан Орта Азия елдері арасында меланома дертіне шалдығушылардың саны бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы бүгін Меланомамен күрес күніне орайластырылып өткізілген онкологтар конференциясы барысында Астана қаласы Онкологиялық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев айтты.


Оның мәліметі бойынша, 2013 жылы Қазақстанда меланома дертінің айтарлықтай жоғары көрсеткіші Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелген. Жыл сайын Қазақстанда меланомадан 150 адам көз жұмады. 2012 жылы 286 емделушіге меланома диагнозы қойылса,
2013 жылы бұл дертке шалдыққандар саны 326-ға дейін артқан. Ал 2014 жылы емделушілер саны 340 адамды құрады.
«Ауруды ерте диагностикалаудың және емдеудің түрлі әдістері жыл санап көбейіп, жетілдіріліп келеді. Дегенмен тұрғындарды ақпараттандыру және сақтандыру деңгейі төмен болғандықтан бұл дертке шалдығушылардың саны да артып отыр. Теріде пайда болатын қатерлі өскіндермен күресу тек қана медицина қарастыратын мәселе емес, ол ауқымды ықпал етуді талап ететін түйткілді мәселе. Сондықтан да мемлекеттік институт, кәсіби тәуелсіз ассоциациялар және бизнес сияқты үш жақтың бірлесіп күш жұмылдыруы - арнайы мамандар дайындап, тұрғындар арасында онкологиялық аурулардың алдын алу туралы ақпарат таратуда таптырмайтын шешім болмақ», - дейді М. Төлеутаев.
Мамандардың айтуынша, меланома дертіне шалдығу еліміздің солтүстік өңірлерінде тұратын адамдардың жаз айларында ыстық жаққа барып, шамадан тыс күнге күюінен де болады. Осыған байланысты онколог дәрігерлер күнге күюдің де мөлшермен болғаны дұрыс деген кеңес береді. Сонымен қатар, теріні солярийде шамадан тыс күйдіру де меланомаға шалдығу қаупін жоғарылатады.
Айта кетейік, алғаш рет меланоманы 1806 жылы белгілі француз ғалымы Лаэннек ашқан. Меланома көбінесе теріде, кейде көздің тор қабығында, шырышты қабатында пайда болады. Аталған дерт көбіне 40-50 жас аралығында жиірек кездеседі және алғашында қара мең сияқты болады. Егер меңнің немесе пигменттік дақтардың саны артса, не болмаса пішінін өзгертіп, үлкейсе, дәрігерге қаралу қажет.   
 
нравится:    771
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии