11 Декабрь
23:17
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
16 қыркүйек 17:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандайды


Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын пойыздарға билеттер арзандамақ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында билетті сатып алу күніне қарай төмендегідей бағыттар мен мерзімге жеңілдіктер енгізілетінін хабарлайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қарасты Қазақстаннан Өзбекстанға  қатынайтын  халықаралық пойыздарға, сондай-ақ тіркеме вагондарға 2015 жылғы 17 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін.





«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Узбекистон темир йуллары» АҚ қарасты Өзбекстаннан Қазақстанға немесе Қазақстан арқылы қатынайтын  халықаралық пойыздарға, сондай-ақ тіркеме вагондарға 2015 жылғы 10 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін.

Аталмыш пойыздардың СВ және купе санатындағы вагондарына алдын ала билет алған жағдайда төмендегідей жеңілідіктер қарастырылған.

Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз жеңілдік. Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса 35 пайыз жеңілдік.

Плацкарт вагондар үшін: Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса, 35 пайыз жеңілдік. Пойыздың жүруінен 30 тәуліктен 6 тәулікке дейін сатып алса, 25 пайыз жеңілдік.

Мемлекетішілік маршруттарда және бір топ жолаушылар бірге билет алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды.

Дереккөзі: http://www.inform.kz/
нравится:    950
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии