11 Декабрь
08:07
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Экономика
13 мамыр 15:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірлескен ислам банкін немесе қорын құруы мүмкін
Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірлескен ислам банкін немесе қорын құруы мүмкін, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов.



«Біздің ынтымақтастығымыз үшін қандай салалар бірінші болуы мүмкін? Бірінші кезекте, біз бұл мұнай химиясы, химия, тау-металлургиялық сала, фармацевтика мен әрине ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі деп санаймыз. Бұл салалар өте үлкен әлеуетке ие, өте үлкен бағдарлама. Және мұнда серіктес тапқысы келетін, инвесторларға мүдделі қазақстандық өте көп бизнесмендер жүр», – деді Исекешов сәрсенбі күні қазақстандық-саудиялық бизнес-форумда.

Сонымен қатар Исекешов екі ел арасындағы өзге де келісімдерді атап өтті.

«Бізде саудиялық бизнесмендермен ислам банкін немесе қорын құру ықтималдығы жөнінде жұмыс жасау туралы министрмен келісім бар, ол (ҚР жобаларына – ҚазТАГ) қаржыландыратын еді, және де бізде Ислам даму банкі дейтін бір үлкен ортақ серіктесіміз бар, сауда операциялары мен инвестициялық жобаларды қосқанда, ол жобаларды қаржыландырады», – деп толықтырды ол.

Ведомство басшысы форумға 100-ден астам ірі саудиялық бизнесменнің қатысып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Сауд Арабиясының сауда және индустрия министрі Тауфиқ Әл-Рәбиә ағымдағы $84,9 млн тұратын өзара тауар айналымды «екі есе» ұлғайтуға болатынын атап өтті.

Дереккөз: КазТАГ

 
нравится:    724
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии