20 Октябрь
00:25
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
15 шілде 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан Пекин олимпиадасындағы екі медалінен айрылуы мүмкін


Бұған дейін Пекин олимпиадасына қатысқан 6 қазақстандық спортшының допинг-сынамасынан тыйым салынған препараттың табылғанын айтқан болатынбыз. Олардың екеуі ұлттық құрама қоржынына 1 күміс және 1 қола медаль салған ауыратлеттер: Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая болып шықты.

Осынау "қара тізімде" әлем және Азия чемпионы, Пекин олимпиадасында төртінші орын алған Владимир Седов та бар. Ол бұған дейін журналистерге берген сұхбатында тыйым салынған препараттарды мүлдем қолданбағанын, қаржылай қолдау болса мұнысын дәлелдей алатынын айтқан еді. Енді алты спортшының да "Б" сынамасы тексеріледі. Егер, одан да тыйым салынған заттың бар екені анықталса, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық ауыр атлетика федерациясы біздің спортшыларға шара қолданбақ.

Ал, Лондон олимпиадасында ұлт қоржынына 4 алтын медаль салған ауыратлеттердің (Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова) допинг қолданғаны бүгінде расталып, олар 2 жылға жарыстардан шеттетілді. Жеңіп алған алтын медальдарының тағдыры енді шешіледі.

Естеріңізге салайық, 2008 жылғы Олимпиада ойындарында Некрасова - күміс, Грабовецкая қола медаль иеленген еді. Олардың "Б" сынамасы 18-26 шілде аралығында Лозанна (Швейцария) қаласында тексерілетін болады. Шараға Қазақстан тарапы да қатыспақ.

Дереккөз: sn.kz
нравится:    668
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии