15 Декабрь
08:24
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
27 қазан 13:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан ресейлік компаниялар үшін офшор құрады
2018 жылдан бастап ресей компаниялары Кипр немесе Кариб бассейніне қарағанда біршама жақын офшорға ауысуы мүмкін. - ТМД-да алғашқы салықсыз аймақ Халықаралық қаржы орталығы базасында іске қосылады, Қазақстан билігі оны құруға дайындалуда. Бұл туралы «Известияға» Қазақстан Ұлттық банкі басшысының орынбасары Нұрлан Құсайынов мәлім етті.



Инвесторлар 50 жылға салықтан босатылып, «А» сыныпты тегін кеңсе, 5 жылға визасыз режім алады, олардың ағылшын құқығы негізінде  төрелік соты болмақ.
ХҚО инфрақұрылымы дайындық үстінде - офшор «Экспо-2017» үшін салынып жатқан ғимаратқа орналастырылады.
Астанада қаржы орталығын құрып, Қазақстанға инвесторларды тарта отырып,   осылайша елдің одан әрі дамуының бағытын айқындаймыз, - деді Қазақстан Ұлттық банкі басшысы Қайрат Келімбетов.
Инвесторлармен уағдаластыққа қатысты айтар болсақ, әлемнің 20 жетекші инвестбанктерінің басшылары қыркүйек аяғында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-жылдығы құрметіндегі қабылдауда Назарбаевқа осы жобаға қатысуға келісімдерін берген.
Қазақстан билігі әлеуетті инвесторлар мен активтерді басқару бойынша  компанияларды тарту жолымен биржа арқылы «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» мемлекеттік қорлары басқаратын 60-қа тарта мемлекеттік құрылымдарды жекешелендіруге мүмкіндік туады деген үмітте. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    707
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии