19 Октябрь
22:26
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Экономика
30 қыркүйек 10:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі хабарлайды


2016 жылғы 04 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болу кезеңі аяқталады. Яғни, 2016 жылғы 03 қазанды қоса алғанға дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз пайдаланылады.

Одан кейінгі 12 ай бойында - 2016 жылғы 4 қазаннан бастап 2017 жылғы 3 қазанды қоса алғанға дейін - көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банктерде жаңа үлгідегі купюраларға айырбасталатын болады.

Осы кезеңнен кейін қалып қалған барлық 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға дейін ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында айырбастау үшін қабылданатын болады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар жарамсыз деп танылады.

Жоғарыда аталған банкноттарды айырбастау тегін, комиссиясыз немесе айырбастау ақысыз жүзеге асырылатын болады.



Нұрғиса НесіпбаевҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының бөлім бастығының орынбасары   
нравится:    1471
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии