Stan.kz ақпараттық агенттігі">
Әлем жаңалықтары
12 мамыр 16:26
Қазақстан тумасы Арменияның қорғаныс министрі болып тағайындалды
Армения президенті елдің жаңа қорғаныс министрін тағайындады. Ол жаңа қызметке бұрынғы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Давид Тоноянды қойған. Бұл туралы Армения президентінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады
 Stan.kz ақпараттық агенттігі.



“Давид Тоноян Армения Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалсын”, – делінген бұйрықта.

Айта кетейік, Тоноян 1967 жылы Өскемен қаласында туған. Ол Ресейдегі Ереван мемлекеттік университеті мен әскери-дипломатиялық академияны бітірген. Ағылшын, орыс және француз тілдерін еркін меңгерген. Кеңес әскерінде қызмет еткен, 1994 жылдан бастап Армения қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істейді.

Дереккөзі: stan.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика