12 Декабрь
06:52
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
3 шілде 15:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан туралы кітап АҚШ-та бестселлерге айналды
Вашингтонда Қазақстан Елшілігінің Астана күні құрметіне ұйымдастырған салтанатты қабылдауында «Қазақ даласындағы үйлер: Әлем корпусы еріктісінің естеліктері» (At Home on the Kazakh Steppe: A Peace Corps Memoir) кітабының тұсаукесері болып өтті.


Басылым кеңінен танымал «Amazon.com» онлайн-дүкенінде бестселлерге айналды. Кітап сондай-ақ 2015 жылғы «Moritz Thomsen Peace Corps Experience» сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Бүгінде Вермонт штатында тұрып жатқан кітаптың авторы Джанет Гивенс Қазақстандағы өмірі, 2000 жылдардың басында ҚР-да ағылшын тілінің оқытушыларымен жұмысы туралы жылы естеліктерімен бөлісу үшін Вашингтонға арнайы келді. Сондай-ақ автор қазақстандық халықтың оның көзқарасы бойынша бірегей қасиеттері - қонақжайлылық, ашықтық және достық пейілі туралы баяндады.
Аудиторияның қызығушылығын туғызған кітап үзінділерін оқып шыққан автор оқырмандарды Қазақстанға «қазақстандық халықтың дарқан қонақжайлылығы мен жылы құшағын сезіну үшін» баруға шақырып отыр. 

 
нравится:    663
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии