20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
16 қараша 16:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан туристер үшін ең қауіпті елдердің тізіміне енді
 
 
International SOS және Control Risks компанияларының сарапшылары 2017 жылы туристер үшін қауіпті болатын елдердің тізімін жасады.
 
Сарапшылардың пікірі бойынша саяхатшылар үшін 2017 жылы ең қауіпті  Томбукту, Гао, Мали мен Судан болмақ. Сондай-ақ қауіпті елдердің қатарында Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Ауғаныстан, Конго, Пәкістан  мен басқа елдер бар.
 
Туристер үшін орташа қауіпті деңгейдегі елдер тізіміне Ресей, Украина, Қазақстан, Монғолия, Үндістан, Сауд Аравиясы, Бразилия енген.
 
Қауіптілігі төмен елдердің тізімінде Франция, Испания, Италия, Польша, Белоруссия, Түркия, Канада мен АҚШ тұр.
 
Ал Норвегия, Швеция, Финляндия, Исландия мен Дания ең қауіпсіз мемлекеттер санатына тұрақтаған.
 
Сарапшылар қауіптілік деңгейін бағалау үшін терроризм, көтеріліс, соғыс, әлеуметтік қақтығыс пен қылмыстылықтың жалпы деңгейін назарға алған. Сондай-ақ әр елдегі кедейшілік, табиғи апаттар мен көлік инфрақұрылымы ескерілген.
 
Дереккөз: Лента.ру
нравится:    1227
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии