13 Декабрь
12:56
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
25 желтоқсан 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысын халық таңдайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы халықтың дауыс беруі бойынша таңдалатын болды. Бұл туралы Алматыда тілшілермен кездесу өткізген ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов хабарлады.

Қазақстан ұлттық құрамасын 2014 жылдың ақпан айынан бастап ресейлік маман Юрий Красножан жаттықтырды. «2+2» жүйесі бойынша қол қойылған келісімшарт мерзімі аяқталып, ҚФФ жаттықтырушымен мерзімін ұзартқан жоқ. Нәтижесінде ел құрамасы бас жаттықтырушысыз қалған болатын.

Бүгін белгілі болғандай, бас жаттықтырушы халықтың дауыс беруімен таңдалатын болды. Ерлан Қожағапанов мырзаның айтуы бойынша, дауыс беру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жанкүйерлер отандық және шетелдік үміткерлердің есімін дауыс беру бойынша таңдайды. 28 желтоқсан күніне бастау алады. Ал екінші кезең 1 қаңтар күні бірнеше сайтта өткізіледі деп күтілуде. Басты үміткерлер есімі 26 желтоқсан күні белгілі болады. Олардың қатарында Юрий Красножан жоқ. 

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз тобында 5 ұпаймен 5-орынға тұрақтаған болатын.

massaget.kz
нравится:    674
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии