|    |  
15 қараша 2018
09:09
қаз
Қазақстан үшін ең ауыр кезең артта қалды-сарапшы
23 қыркүйек, 12:19 855
Жаһандық экономикадағы дағдарыс дамушы елдерге, оның ішінде Қазақстанға оң ықпалын тигізуі мүмкін. Мұндай елең еткізер пікірді Орталық коммуникациялар қызметіне келген Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов айтты.


Тарқата келгенде нарық сазға батқан сайын алпауыт мемлекеттердің орталық банктері белсенділік танытып, қол ұшын соза бастайды. «Ебін тапса, оның пайдасын дамушы елдер де көріп қалуы мүмкін»,- дейді сарапшы.

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері:
– Дағдарыс күшейіп кеткен жағдайда АҚШ-тың федералды қор жүйесі монетарлы ынталандыру жүйесін қосады. Яғни ел экономикасына мол қаражат құяды. Оның бір бөлігі алыпсатарлар арқылы нарыққа жетсе, біздің мұнайымыздың бағасы көтерілуі мүмкін.

Әлемдік экономиканың тамырын басып, ахуалды зерттеп жүрген мамандарға сенсек, Қазақстан үшін ең ауыр кезең артта қалды. Өйткені 2008 жылғы дағдарыс жағдайындағыдай еліміз сыртқы несиелеуге тәуелді емес. Сондықтан ол ел экономикасына әсер етпеуі тиіс.

Дереккөзі:  24.kz
Жаңалықтар