23 Август
12:18
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Спорт
3 шілде 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстан және Ресей эстрадаларының жұлдыздары «Астана кубогы» үшін футболдан сынға түсті
Футболдан «Астана кубогы» - эстрада жұлдыздарының кездесуі (ВИДЕО)


Астана күні қарсаңында өнерімен көпшілік арасында танылған Қазақстан және Ресей эстрадаларының жұлдыздары «Астана кубогы» үшін футболдан сынға түсті.
Қазақстан тарапынан "МузАрт", "Нұр-Мұқасан", "Ringo", "Misterions", "Арай" топтарының солистері және Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жанай, Мэлс Сағатұлы секілді әншілер футбол алаңына шықты.
Ресейлік құрама командасы да осал болған жоқ. Илья Авербух, Илья Глинников, Пьер Нарцис, Виктор Зинчук және Сергей Крыловтар алаңда үздік өнер көрсетті.
Осы сайысты баяндап отыру үшін Астанаға белгілі спорт комментаторы Виктор Гусев келді.
Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен Қазақстан-Ресей жұлдыздарының сайысы 2 бөлімнен болды. Әр тайм 35 минуттан. Ойын әсерлі өтті. Жиналған көрермен қауымын сүйікті әншілерін көріп, бір марқайып қалды. Көпшілік алдына шығып, үміттерін ақтау үшін оразасын да қиған әншілер де болды.
Негізгі уақытта екі команда да гол соға алмады. Тек қосымша пенальтиде Misterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев есеп ашты. Әріптесінің бұл жеңісі өзгелерді де шабыттандырған болар, іле-шала тағы 2 доп қарсыластың қақпасынан табылды.
Қорытынды есеп бойынша Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.




Дереккөзі: www.astanaday.kz
нравится:    1117
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии