14 Декабрь
04:28
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Экономика
9 қыркүйек 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда 2 миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленеді
Қазақстанда екі миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленетін болады деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті.


«Салымшылардан өтінімдер тәртіп бойынша биылғы жылдың бірінші қазанына дейін қабылданады. Бірақ, оған дейін салымшылардың барлығы банктерге келіп үлгермеуі мүмкін. Бұл туралы екінші дәрежелі банктер тарапынан да айтылып жатыр. Сондықтан, біз мерзімді ұзарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жолдадық. Өйткені, Қазақстанда теңгелік депозиттеріне өтемақы төленетін салымшылардың саны екі миллионға жуықтайды. Сонымен қатар, депозиттегі ақша банкте бір жылға дейін сақталуы тиіс. Сонда банктер тарапынан салымшыларға 10,5 пайыз көлемінде мөлшерлеме төленеді. Ал депозиттерді алу мерзімі 2016 жылдың 30 қыркүйегі болып белгіленді. Бағамдық айырмашылық сол күнгі бағам бойынша есептеледі. Бұл жерде базалық бағам 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам. Ол: 188 теңге 35 тиын» – деді Қуат Қожахметов

Айта кетелік, бұл жерде бір миллион теңгеге дейінгі депозиттерге ғана өтемақы төленеді.

Салымшылар өтемақы алу үшін 1 қазанға дейін өтініш тапсырулары тиіс.

Қуат Қожахметов өтемақы төлеу қалай жүргізілетінін айтып берді.

Өтемақы сомасы 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі доллар бағамы мен 2015 жылдың 18 тамызындағы доллар бағамындағы айырмашылық депозитте сақталған қаражат сомасына көбейтіледі.

Мысал: Депозитте 500 мың теңгеңіз болса, 2016 жылдың 30 қыркүйегінде доллардың бағамы 240 теңгені құрайды дерлік. Биыл теңгенің құнсыздануына дейін 1 доллар 188,35 теңгені құрады. Яғни, сізге тиесілі өтемақы көлемі депозиттегі қаржыңызбен қоса (240 : 188,35) х 500 00 = 637 111 теңгені құрайды.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1050
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии