17 Август
14:03
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Экономика
26 мамыр 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда 5 айдың ішінде 3 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылыпты
Қазақстанда 5 айдың ішінде 3 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылыпты

Қазақстанда 5 айдың ішінде 3 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылыпты. Алайда ,денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 134 мың кадрдың орны бос тұр деп айды аспанға бірақ шығарды. Жұмыс істейтін адам таппай, жұмыс күшіне мұқтаж боп отырған ол қандай кәсіпорын, қандай мекемелер? 

"Қандай маман қажет?" деген сауалға елдегі 7 мыңнан астам жұмыс беруші жауап беріп, өз қалауларын айтыпты.
Әркімнің қажеттілігі әртүрлі.
Биылғы сауалнама нәтижесінде белгілі болғаны - әдеттегідей ұлттық компаниялар мен холдингтер емес, шағын және орта кәсіпкерлер белсенді екен.
НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
- Мұнай-газ саласы қазір артқа шегініп, бірінші қатарға ауыл шаруашылығы шығып жатыр. кадр қажеттілігінен де байқалып отыр.

Сонымен, зерттеудің қысқаша нәтижесі мынадай: Жалпы сұраныстың үштен бірі сауда, қаржы және жылжымайтын мүлік саласындағы кәсіпорындарға тиесілі. Ал ауыл шаруашылығы тізімде екінші, білім беру үшінші, содан соң құрылыс пен өндірістік компаниялар тұр екен. Нақтырақ айтқанда, басқарушылар емес, орта білікті мамандар тапшы.

НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары:
- Ең бірінші біз қарадық: ауыл шаруашылығының тілін білетін мамандар қажет, тігіншілер, құрылысшылар, технолог-оператор мамандары, механизаторлар, монтаждаушылар, электр-монтаждаушылар, газ-электр дәнекерлеушілер, жұмысшылар, жүк тасушы, жүргішілер сияқты мамандар қазір өте керек болып жатыр.
Осы орайда, дағдарыспен бірге келген қысқарту мәселесі қозғалды.
Жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жұмысынан шығарылыпты. Оның үстіне, адал еңбегінің ақысын ала алмай жүргендерді қосыңыз.

ДӘУЛЕТ АРҒЫНДЫҚОВ, ҚР ДСӘДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының президенті:
- 20 мамырдағы мәліметтер бойынша, 8 кәсіпорынның 999 жұмысшысы жалақысын ала алмай отыр екен. Олардың алашағы 103 миллион теңге. Жыл басында 22 мекеме 1 жарым мың қызметкеріне 276 миллион қарыз болған. Яғни, бұл көрсеткіш төмендеп жатыр.
Сауалнама нәтижесінде, Қазақстан бойынша тапшы болып жатқан мамандар саны 134 мыңға жуықтайды. Ал елдегі жұмыссыздар 400 мыңдай екен. Мамандар мұндай сәйкессіздік, екі қолға бір күрек таппай жүргендердің нарықтағы сұранысқа сай болмауынан дейді. Сондықтан, жұмыссыз жоғары білімді азаматтарға қазір қажетті салаға бейімделіп, біліктігін көтеруге кеңес беріп отыр.

Дереккөзі: Alashainasy.kz
нравится:    618
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии