21 Август
08:51
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
30 маусым 14:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда 900 кәсіптік стандарт әзірленеді
Қазақстанда экономиканың барлық саласына қатысты 900 кәсiптiк стандарт әзiрленедi. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлiмдедi, деп хабарлайды Businessnews.kz.





«Елiмiзде кез-келген азаматтың алған бiлiмiнiң сапасы ертеңгi күнi оның еңбек нарығындағы бәсекеге қабiлеттiлiгiмен өлшенедi. Сондықтан, бүгiнгi заманда оқу орындары түлектерiнiң бiлiмi, бiлiктлiгi, қабiлетi жұмыс берушiнiң талабына сай болуы өте маңызды. Осы тұрғыда, жалпы бiздiң елiмiздегi экономиканың еңбек ресурстарына қажеттiлiгiн қанағаттандырудағы немесе өндiрiс пен бiлiм берудiң арасындағы тығыз байланысты орнатудағы маңызды элемент кәсiптiк стандарттарды әзiрлеу болып табылады. Яғни, кәсiптiк стандарт дегенiмiз – жұмыс берушiнiң түлектiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қоятын талабы», - деп мәлiмдедi вице-министр.
Б.Нұрымбетов бүгiнде еңбек нарығында бiлiмді азаматтардың жұмыссыз жүруiнiң себебi де осында болуы мүмкiн деген пiкiр бiлдiрдi.
«Осы тұрғыда, Үкiмет «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрлесiп кәсiптiк стандарттарды әзiрлеу бойынша бiрқатар жұмыс атқарып келедi. 2012 жылдан бастап 345 кәсiптік стандарттар әзiрлендi және бекiтiлдi. Биылғы жылы тағы осындай 58 кәсiптiк стандарт әзiрлеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарды орындауда бiз тек өз күшiмiзбен ғана шектелiп қалмай, халықаралық қаржы ұйымдарының да көмегiн пайдаланып жатырмыз. Аталған стандарттар Дүинежүзiлiк банктің көмегiмен әзiрленген болатын. Жалпы, 2020 жылға дейiн бiз экономиканың барлық саласына қатысты 900 кәсiптiк стандарт әзiрлеудi көздеп отырмыз», — дедi ол.
нравится:    854
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии