21 Август
16:02
Астана: 24 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
2 қыркүйек 15:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда арақ қымбаттап жатыр
Қазақстанда тамыз айында арақ бағасы орташа есеппен алғанда бір жылдың ішінде 19,5 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz сараптамалық қызмет сайты. Алкогольдік ішімдіктердің ең жоғары бағасы Астана мен Шымкентте байқалған.

Шамамен ең жоғары баға қойып отырған қалалар мен мегаполистердің ішінде Астана көш бастап тұр - орта есеппен алғанда бір литр 2654 теңгені құрайды, яғни 23,1 пайызға өскен. Шымкентте арақтың бір литрі 2481 теңгені құрап, 9,4 пайызға өскен. Осы тізімде ең арзан болып саналатын Талдықорған қаласы, онда бір литр 1727 теңгені құрап, 5,6 пайызға өскен.


Жеті айды қорытындысы бойынша, алкоголь сусындары едәуір көптеп өндірілген. Қаңтар-шілде айларының аралығында 3,3 миллион литр коньяк өндірілген (бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 17,2 пайызға көп). Жүзім шырынынан жасалған шарап 8,3 пайызға артып, 15,9 миллион литр шығарылған, оның ішінде 1 миллион литрі шымырлайтын шарап. Арақ өндірісі 3,6 пайызға көбейіп, 16,5 миллион литрге дейін жеткен. Екі пайызға өскен - 298,9 миллион литр сыра шығарылған. Өндірісі азайған алкоголь сусынының түрі - ликер сегменті - 52,2 пайызға аз 1,1 миллион литр шығарылған.

Алкогольсіз сусындардың барлық сегментінде шығарылымы керісінше, төмендеп кеткен: минералды және газдалған сусындар - 12,7 пайыз, ал басқасы 11,6 пайызға төмендеген. 

Сусындардың шығарылуы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіреді.

нравится:    752
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии