23 Сентябрь
09:59
Астана: 1 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
1 сәуір 12:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда ашық-шашық киімде сахнаға шығуға тыйым салынды
 Мәдениет және спорт министрлігіне көрермендер тарапынан өнер адамдарының  халық алдына жартылай жалаңаш шығуын тоқтатуды сұраған  4000 дана хат жиналып қалыпты. Әрине бұл осыған дейін жазылған барлық хаттың саны. Министр өз кеңесшілерімен ақылдаса отырып «тыйым» жайлы заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынған.


«Министрлік поштасына  соңғы үш жылда жазылған тура осы мағынадағы хаттарды жинадық. Саны 4000 дана шамасында. Бұл дегеніңіз осыншама халық. Неге олардың ұсынысын ескермеске. Көпшілігі әдемі мысалдар келтіріп, жалаңаш әншілер мен актерлердің ұлт болашағын тәрбиелеуде қандай қиындықтар әкелетінін ашына жазған»,-дейді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз баяндамасында.

Сонымен қоса заңда жұлдыздардың барлығына ортақ ереже жазылған. Яғни онда әйелдердің ең қысқа киімі тізеден келуі керек. Ал жейденің ойығынан қыздардың омырауы көрінбеуі тиіс. Сондай-ақ оның жеңі шынтақтан 5см жоғарыдан қысқармау керек екен. Әрине мұндай қатаң тыйымнан кейін кіндігін көрсетуге де болмайтыны анық.

Заң жобасын оқып шыққан депутаттардың ойы екіге жарылған. Бір тарап қолдаса, екіншісі біз зайырлы, демократиялық елміз дегенді алға тартады.

«Мен әрине заң жобасын  қос қолдап қолдаймын. Мұның несі жаман. Өнер адамы болса жұртқа мүсінін көрсетпестен, өнерін паш етсін. Маңыздысы да осы. Мектеп оқушыларын азғырып, арзан дүниеге қызықтыру қылмыспен тең. Сол тәнін көрсеткен әнші,актерлерді көріп өскен ұрпақ болашағы не болады? Әріптестер бұл мәселеге немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын»,-деді парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Ал Қазақстан халықтық коммунистері партиясының атынан депутат атанған Ирина Смирнова Бекболат Тілеуханның ойына қарсы шықты.

«Мысалы мен де депутат атанғалы халықтың адамы болып есептелемін. Сонда жазда пысынап жеңі бар жейде киюге міндеттімін бе? Ашық киінгенде тұрған ештеңе жоқ. Біз мұсылман мемлекеті емеспіз. Өнер адамы көрсетсін сымбатын. Бұл өнер,сондықтан түсіністікпен қарағанымыз жөн. Елдің, халықтың адамы екен деп барлығын тұмшалап тастауға болмайды. Жақында «әйелдер бастарынан орамалдарын тастамасын» деген заң қабылдау керек болатын шығар. Мүлде келіспеймін»,-деп қысқа қайырды мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Дегенмен Бекболат Тілеуханды қолдаған әріптестерінің саны артып, заң жобасы мақұлданып кетті.

Ал өнер адамдары мұндай жаңалықты алғаш естігенде сенер сенбестерін білмей қалған. STAN.KZ тілшісі әншілердің бірнешеуіне хабарласып жаңа заңға қатысты ойларын білген еді.

«Бұндай болуы мүмкін емес. Біз онда Ресейлік тағы басқа елдің арналары арқылы шығатын шығармыз. Мысалы, заңға бағынсақ менің бейне баяндарымның барлығы онда эфирден шеттетіледі. Ол дегеніңіз қыруар қаржыға түсірілген. Сонда оны бұдан былай үйімде өзім ғана көремін бе?Жақында бәрімізді дін жолына түсуге міндеттейтін шығар»,-деп ашуланды Мақпал Исабекова.

Әнші үнемі желі арқылы жартылай жалаңаш суреттерін салып, елдің сынына қалып жүретіні жасырын емес. Оны қолдайтындар да табылды. Луина, Дильназ Ахмадиева сынды әншілер бұл заң жобасына мүлде қарсы болып шықты. Тіпті қарсылықтарын білдіру мақсатында министрге хат жазуға дайын екендіктерін ескертті.

Есесіне жақында ған өзіне жабық киінуге кеңес бергендерге ешқашан орамал тақпайтынын айтқан Баян Есентаева, қыздарын жаңа заң аясында киіндіруге әзір екен.

«Баршаға ортақ талап,ортақ тәртіп болса неге бағынбасқа. Менің қыздарым тек қана ашық киінбейді. Олай айтуға ешкімнің де дәті бармайтын шығар. Себебі, олардың қоржынындағы әуендерге сай неше түрлі ұзын, жабық әдемі көйлектері барын жұрт клиптерінен көріп жүр. Сондықтан сахнада әдемі көрінудің жабық үлгісі сәнге айналады деген сөз. Сенімді сәнгер Аида Кәуменова барда еш алаңдамаймын»,-деді продюсер Баян Есентаева.

Прдюсер өзіне қатысты жауап беруден бас тартты.

Ал әнші Алтынай Жорабаева жаңа заңды естігенде қуанып кеткенін жасыра алмады.

«Мен мақтанғаным емес, әрине барлық дүние өзім үшін соңғы 5 жылда намаз оқып жүрмін. Бірнеше рет сахнаға ұзын киіп, шашымды да жауып шыққан едім. Көпшілік мұнымды айтарлықтай құптаған жоқ. «Сахнаға жақында хиджап киіп шығатын шығарсыз» деп жыныма тиетін сұрақ қоятындар көбейіп кетті. Сосын, сөзді көбейтпей  жабық әрі қарапайымдау киінуге тырысып жүрдім. Расымен де өнер адамдары өзгеге үлгі бола білуі керек. Халық мені жартылай жалаңаш шықпады деп тыңдамай қойған жоқ. Мен олай шықпағанмын бұдан былай да шықпаймын. Сондықтан мен бұл заңды жақсы қабылдаймын, кедергісі болады деп еш қорықпаймын»,-дейді әнші Алтынай Жорабаева.

Ал заң  Мамыр айының бірінен бастап іске қосылмақшы. Оған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталатын болады. Сондай-ақ, музыкалық арналардағы бейнебаяндар арнайы заңгерлердің нұсқауы бойынша іріктелінеді. Мамыр айынан бастап заңға бағынбаған өнер адамдары 1000 АЕК айыппұл салу басталады.

Stan.kz
нравится:    3517
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Дана2016-04-02 02:06:53
    Делать им нечего. Нормально же все. Как после этого нам пробиться ? Кого сейчас интересует саукеле и камзолы? Этим отпекают молодёжь. Молодёжь и так уже не слушает музыку отечества. Только только начали . Лучше уберите Мс Сайлаубека , у которого никакого таланта .
  • Кайсар Казак2016-04-02 13:30:49
    Аллага мын Таубе шукир Осы кунге жеткизгенге шукир !!
  • Бота2016-04-03 04:03:53
    Өте дұрыс
  • Намыскер қазақ2016-04-06 16:51:14
    Бекболаттың пікірі өте орынды.Осы мәселені Ринат Заитов бауырымыз да шырылдап айтуда.Өсер ұрпаққа тəрбие керек.Қолдамайтын теріс пікірдегілердің қазақ халқына,ұрпаққа деген салғырттықтарында...Логикадан жұрдай адамдар...