23 Сентябрь
13:17
Астана: 1 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
1 қазан 14:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда автокөліктер қымбаттауы мүмкін - Автобизнес қауымдастығы
Қазақстанда автокөліктер қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының үшінші форумында барысында тілшілерге берген сұхбатында Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьев мәлім етті.«Белгілі бір деңгейле автокөлік бағаларында өсім болады. Алайда, бізде бағасы белгіленген деңгейдегі көліктің саны айтарлықтай елеулі көлемде. Ұлттық қазақстандық автомобильдер құнының өсімі тұрғысында айтатын болсақ, баға теңге бағамына үйлесімді деңгейде артпайтындығы анық»,-деп тоқталды ол.



Осы орайда ол автоөнеркәсіпте теңгеге бекітілген локализацияның (көліктердің тетіктерінің елімізде шығарылуы деңгейі) үлесі бар екенін, бұл тұрғыда осы локализацияның көлемінде автомобиль құны қымбаттамайтынын атап өтті.
«Біз компаниялардағы жағдайды бақылып отырмыз, мониторинг жүргізудеміз, сондай-ақ сатып алушылардың шағымдарын назардан шығармаймыз»,-деді А.  Лаврентьев.
Сонымен қатар ол отандық көліктер кейбір автосалондарда бір долларға 270 теңге бағамымен сатылып жатқандығын жоққа шығарды.
«Кеше кейбір салондарда көліктер 270 теңге бағамымен сатылып жатыр деген ақпарат шықты. Мүмкін, бұндай бағаммен импорттық автомобильдер сатылып жатқан шығар, алайда Қазақстанда шығарылған машиналар бойынша бұл ақпарат нақтыланбады»,-деді қауымдастық төрағасы.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    824
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии