20 Ноябрь
13:58
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Авто
8 шілде 16:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда автомобиль импортын лицензиялау енгізілді
Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері аумағынан автомобиль импортын лицензиялау енгізілді. Оған жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсаттан өзге мақсаттарда алып келетін көлік құралдары кірмейтін болды делінген Инвестициялар және даму министрлігі таратқан ақпаратта.


“Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі “Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің аумағынан жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес әкелінетін көлік құралдарынан өзге әкелуге айрықша құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы” №481 бұйрығы күшіне енді”, – делінген сәрсенбі күні министрлік сайтында жарияланған хабарда.

Бұл бұйрықтың қабылдануы автомобиль техникасын импорттауды реттеу, импорттаушылар мен сатушылардың өздерінің әкелген автокөлік құралдарын сатудағы жауапкершілігін күшейту қажеттігінен туындаған.

Қазақстандағы автомобиль нарығының жай-күйі қазіргі уақытта сервистік желілердің жеткіліксіз дамуымен сипатталады, автоорталықтар мен сервистік станциялардың ұйымдастырылуына инвестициялар тарту қажет.

Лицензиялаудың мақсаты – автонарықты шектеу емес, автомобиль құралдарын ниеттері таза емес жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін жағдай жасау. Сондай-ақ Қазақстанда автомобиль сату мен сервисі саласында тек қана шығарушылардың ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда ТН ВЭД ЕАЭС 8702, 8703, 8704 (автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері) бойынша топтастырылған көлік құралдарының кейбір түрлерін әкелу лицензияларын берумен дистрибьюторлық немесе дилерлік Келісім негізінде әзірлеушінің ресми өкілдері, сондай-ақ ресми дилерлер айналысады.

Лицензияларды берумен Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті шұғылданады.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    785
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии