20 Октябрь
14:56
Астана: 8 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Авто
9 қыркүйек 16:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда автомобиль сатылымы 60 пайызға азайған


Жыл басынан бері Қазақстандағы автомобиль сатылымы 60 пайызға азайған.

Мысалы, былтыр алты айда еліміздегі ресми дилерлер 52 мың көлік сатқан. Ал биылғы жартыжылдықта 21 мыңға жуық темір тұлпар өз иесін тапқан. Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері осындай дерек келтіріп отыр. 


Сарапшылардың пікірінше, нарық бір кездегі Ресей рублі құнсыздануының салқынын әлі тартып отыр. Мысалы, 2014-2015 жылдары қазақстандықтар көрші мемлекеттен 320 мыңға жуық машина алып келген. 

Эдуард Эдоков, Қазақстан тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:   
- Жыл соңына дейін автомобиль нарығындағы жағдай түзеле қояды деп айту қиын. Сатылым өспейді. Қазақстандық бірқатар экономистің болжамы бойынша, келісі жылдың басы да автодилерлер үшін ауыр болады. 

Ал Қазақстанның Автобизнес қауымдастығының президенті келер жылдан үмітті. Андрей Лаврентьев автомобиль нарығы өзінің ең төменгі шегіне дейін түскенін айтады. Жыл қорытындысы бойынша, елімізде сатылатын көліктердің саны 40-45 мыңға жетеді деп болжап отыр. 

Андрей Лаврентьев, Қазақстан Автобизнес қауымдастығының президенті: 
- 2014 жылдың соңында басталған нарықтағы сатылымның төмендеу үдерісі биыл маусым айында тоқтады. Ал 2017 жылдың екінші тоқсанын бастап біз Қазақстанның автомобиль нарығында нақты өсімге қол жеткіземіз. Тауық жылы сату көрсеткіші осы жылмен салыстырғанда 30 пайызға артады. 

Әлемдегі қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстанда құрастырылған көліктердің саны артып келеді. Жыл басынан бері отандық машиналардың жалпы сатылымдағы үлесі 30 пайызға жеткен. Бұл – индустрияландыру бағдарламасы басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. А.Лаврентьевтің пікірі бойынша, болашақта Қазақстанда жасалған автомобильдер жалпы нарықтың тең жартысын иеленеді. 

Қазақстанның автопаркі ТМД елдері арасындағы ең ескісі саналады. Қолданыстағы 50 пайыздан астам машинаның зауыттан шыққанына 18 жылдан асып кеткен. «Егер азаматтар ескі көліктерін жаңасына ауыстыра бастаса, бұл да нарыққа өз үлесін қосады», – дейді сарапшылар.


Дереккөзі: www.khabar.kz
нравится:    898
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии