21 Август
01:20
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
13 сәуір 10:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда Дүниежүзілік банктің офистері ашылады


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Келісімге ағымдағы жылдың қаңтарында Давоста қол қойылған.
Құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік банк Қазақстанда офистерге ие болып, оларды операциялық және әкімшілік қолдау қызметтерін көрсету үшін қызметкерлермен жасақтайтын болады. Дүниежүзілік банк қызметкерлер мен қызметшілерге жалақы мен басқа да шығыстарды толық көлемде өзіне алады. Банктің офистері мен үй-жайларына қол сұғылмайды және ол Дүниежүзілік банктің қарауы мен басқаруында болады.
Бұдан бөлек, заң жобасы аясында Банктің және оның қызметкерлерінің иммунитеттері айқындалып отыр.
Келісімге сәйкес, Дүниежүзілік банк өзіне берілетін артықшылықтардың, иммунитеттердің, жеңілдіктердің және шарттардың теріс пайдалануға ұшырамауын қамтамасыз ететін болады. Мұндай иммунитет сот төрелігінің қалыпты іске асырылуына кедергі жасайтын болса, ол өзінің иммунитеттерін кері қайтарып алатын болады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.  


Дереккөзі: ҚазАқпарат


 
нравится:    662
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии