20 Сентябрь
17:07
Астана: 25 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Экономика
27 мамыр 12:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақстанда ЕЭО елдерінен келетін көліктерге жаңа шектеулер енгізілді
Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін көліктерге жаңа шектеулер енгізілді деп хабарлады 7 арна.

26 мамырдан бастап “Қазақстан көлік жолдарында жүретін автотранспорттық құралдардың рұқсат етілген параметрлері” туралы бұйрық өз күшіне енді.



Енді Қазақстанда Еуро-4 экологиялық класына сәйкес келмейтін, қауіпсіздік жастығы, балалар отыратын бекіткіші, күндізгі жол шамдары мен тежегіштің антиблоктік жүйесі жоқ көліктерді тіркеуге алуға тыйым салынады.

Ұлттық палата бұл шектеулерді отандық өнімдерге қолдау көрсету мақсатында енгізгенін айтты.

“Осылайша Қазақстан көлік өндірісінің жағдайын жақсарта алады. Отандық көліктер де Еуро-4 экологиялық класына сәйкес келетін болады”, – деп санайды “Атамекен” логистика және тасымалдау комитетінің хатшысы Қанат Мұқышев.

Ал Қазақстан тұрғындары болса бұл жаңалықты әрқалай қабылдауда.

“Разы емеспін. Себебі халық үшін қолжетімді болмайды. Тағы да бағалар көтеріледі”, – деген ойда тұрғындардың бірі. Бұл пікірді қолдайтындар жаңа шектеулердің тек қалталы азаматтар үшін ғана тиімді екенін айтуда.

Жаңа шектеулерге оң көзбен қарайтындар да жоқ емес.

“Бұл дұрыс. Көшелерді ластайтын көліктердің саны азаятын болды”,- дейді келесі тұрғын. Шектеулерді қолдаушылар адам өмірінен қымбат ештеңе жоқтығын алға тартып, ескі көліктердің саны азаятынына разы екендерін білдірді.

Бұл шектеулер елде саны көбейіп кеткен ескі көліктерді азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде.
нравится:    661
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии