19 Август
22:32
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
29 мамыр 10:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда ең көп сатылатын автокөліктер тізімі анықталды
Қазақстан төрт айдың қорытындысы бойынша жаңа автомобильдердің 34800 бірлігі сатылған. Бұл 2014 жылғы қаңтар-сәуір айындағы көрсеткіштен 28,84% кем, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.

Алайда өткен ай мен салыстырғанда ресми нарықта  9392 жаңа автомобиль сатылған. Сәуір айында Қазақстанның автомобиль нарығы қалпына келе бастады.



Отандық автомобильдердің сатылуы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 62,28% төмендеген. Алайда өткен аймен салыстырғанда 30,3% өскен.

Ресми нарықта импортталатын жаңа автомобильдердің саны өткен аймен салыстырғанда 9,73% өскен.

Нарықтағы 71,5% үлесімен Ресей бірінші орында. 12% үлесімен Қазақстан екінші орында. Үшінші орында Жапонияда жасалған автомобильдер тұр, нарықтағы үлесі 6,6%.

Одан кейін өзбекстандық өндіріс, атап айтсақ Daewoo, нарықтағы үлесі 3%. Беларусь елінде өндірілетін Geely көліктерінің сатылымы өсіп, осы жылдың басынан нарықтың 1,7% үлесін алып отыр.

Сәуір айында жеңіл көліктер арасында ең көп сатылғаны Hyundai Elantra автомобилі.  Сәуірде оның 197 бірлігі сатылған.

Түркиядан әкелінетін көлік үлесі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28,16% кеміген. Сәуір айында британиялық автомобильдердің 52 бірлігі сатылған.

Сәуір айында жеңіл көліктер арасында ең көп сатылғаны Hyundai Elantra автомобилі.  Сәуірде оның 197 бірлігі сатылған.

Өткен аймен салыстырғанда Toyota Fortuner, Kia Sportage Hyundai Tucson, SsangYong Kyron, SsangYong Nomad және т.б сатылымы артқан.

ҚАБҚ бағалауынша, ағымдағы жылдың басынан сомасы 754,9 млн. АҚШ доллары болатын автомобильдер сатылған. 2014 жылдың қаңтар-сәуір айында бұл көрсеткіш 1123,8 млн. USD долларын құраған. Көрсеткіш 32,82% төмендеген.

Ұлттық өндірушірелдің үлесі 93,7 млн. USD, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 61,27% кем. Сатылған импортталған көліктердің үлесі 661,2 млн. USD.

Жаңа көліктерді сату бойынша Алматы бұрынғыдай көш бастап тұр. Екінші орында -Астана. Сатылған көліктің 14,17% соның үлесінде.  Одан кейін Батыс Қазақстанның қалалары тұр – Атырау 9,59% және Ақтау 7,10%.  Үздік бестікті Өскемен тұйықтады. Бұл қаланың үлесі 5,96%.
нравится:    988
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии