13 Декабрь
09:42
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Авто
16 ақпан 16:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанда JAC автокөлігі құрастырылады


Қостанай облысында қытайлық ChinaMachinerycompany компаниясының қатысуымен JAC автокөлігін өндіру ісі қолға алынады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Өткен жылдың тамыз айында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, ChinaMachinerycompany қытай компаниясы және JAC Motors Қазақстанның ұлттық автокөлік бренді бойынша стратегиялық әріптестік және дамыту туралы келісімге қол қойды. Онда машина жасау саласын дамыту көзделген»,-деді әкім.

Облыс әкімінің айтуынша, JAC көлік кешеніне тапсырыс бойынша ChinaMachinerycompany қытай компаниясымен 5 млн АҚШ доллар инвестициаланды. Барлығы 40 млн АҚШ долл инвестиция жасау жоспарландырылған.Жабдықтау және технологиялық жабдықтарды монтаждау маусым-шілде 2016 жоспарланған.

Сондай-ақ, заңдастырылған келісімге қол қою жоспарлануда және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен IVECO Russia арасында сарапшылық келісімшарт пен Daily сынамалы партия автокөліктерін Ресей Федерациясына жеткізу жоспарланып отыр.

Дереккөзі: 7kun.kz
нравится:    765
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии